Бір елде перзентхананың өзінде баланың әкесін анықтайтын ДНҚ тестке ел тұрғындарының жартысына жуығы қарсы шыққан
Бір елде перзентхананың өзінде баланың әкесін анықтайтын ДНҚ тестке ел тұрғындарының жартысына жуығы қарсы шыққан
1 сағат бұрын 33 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейліктердің жартысынан астамы перзентханада баланың әкесін анықтауға арналған ДНҚ тест процедурасын өткізуге қолдау білдірсе, әйелдер бұл бастамаға сақтықпен қарап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының (ВЦИОМ) сауалнамасының деректері осындай. Ресейліктердің 52% -ы ата-аналарының екеуінің де келісімімен тест өткізуге қарсы еместігін, ал сауалнамаға қатысушылардың 68% -ы бала туған жағдайда генетикалық сараптамадан өтуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл ретте дайындық деңгейі ерлер (70%) мен әйелдер (67%) арасында іс жүзінде бірдей болып шықты. Алайда, жалпы қолдау көрсеткішінің артындағы позициялар бойынша елеулі айырмашылықтар бар. Бастаманы сынаушылар бұл мемлекеттің азаматтардың жеке басының ісіне араласуына, ажырасатындар қарасының көбеюіне және ерлі-зайыптылар арасында сенімсіздіктің пайда болуына әкелуі мүмкін, деп қорқады. Ерлер мұндай тесттерді өткізуді жиі қолдайды, ал әйелдер, әдетте, қарсы емес, дессе де бейтарап позицияны жиі ұстанады. Мұндай бастама Ресей қоғамын бей-жай қалдырған  жоқ: статистикалық мәліметке қарағанда, ресейлік ерлердің 10% -дан 30% -ына дейін бөтен баланы асырап келгенін білмейді, ол ол ма, өзі тәрбиелеп жатқан баланың биологиялық әкесінің кім екенін де білмейді. Мемлекеттік думаның мағлұматынша, Ресейде балалардың жартысына жуығы туған әкелерімен бірге тұрады, ал балалардың 30% толық емес отбасыларда өседі.

0 пікір
Мұрағат