|
Биылғы қажылықта робот 69 тілде қызмет көрсетеді (видео)
|
69 тілде сөйлесуге қабілетті роботталған гид Сауд Арабиясында іске қосылатын биылғы қажылық қарсаңындағы ең айтулы сервис болмақ. Бұл жайында islam.kz порталы Тhe Іslamic Іnformation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осман әл Шумайымыр есімді инженер әл Харждағы Merciful Service Center орталығындағы меймандарға әлемнің 69 тілінде сөйлейтін роботты таныстырды. Қажыларға енді аудармашының қажеті болмайды. Робот қажыларға ең жиі қойылатын сауалдарға тиянақты жауап береді. Осылайша Сауд Арабиясының билігі қажыларға қызмет көрсету саласын тағы бір сервиспен жабдықтады. Әл Харждағы Merciful Service Center ортаалығы 500 мың шаршы метрден аса аумақты алып жатыр. Қасиетті Меккеге апаратын негізгі дәліздің бойында орналасқан аталмыш орталықта бір мезгілде 35 мыңға дейін қажы құлшылық ете алады.