|
Діни төзімсіздікке өлім жазасы кесіледі
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі діни кемсітушілікке қарсы заң қабылдады. Аталмыш заңға сәйкес діни кемсітушілікке жол бергендер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 272 000 доллар айыппұл төлейді. Ең ауыр жаза – өлім жазасы тағайындалуы мүмкін. Тарқатып айтқанда, қасиетті Құранды, құлшылық ететін орындарды, дінді, пайғамбарларды мазақ етіп немесе басқалай жолмен қорлауға жол бергендер, сондай-ақ, адамдарды діни наным-сеніміне қарай кемсіткендер осындай жазаға ұшырайды, Бұған қоса, діни араздық пен алауыздыққа жол бергендер де жазадан тыс қалмайды. Әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында арандатушы мақсатта жарияланған материалдардың авторлары да заң құрығынан құтылмайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды