Басын кесіп тастады
Басын кесіп тастады
9 жыл бұрын 3062

Үндістанның Ассам штатының бір тұрғыны сиқырлықпен айналысты деген күдікке бой алдырып, егде жастағы әйелді, дәлірегі, Пурни Оранг (Purni Orang) есімді 63 жастағы әйелдің басын шауып тастады. Бұл жайында «BBC News» ақпарат көзі хабар таратты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол сиқырлықпен айналысқан. Осы кісі өліміне байланысты жеті адам тұтқындалды. Олардың екеуі әйел адам. Айта кетейік, Үндістанда әлі күнге сиқырлықпен айналысатындар көп. Соңғы алты жылдың ішінде аталмыш штатта 90-ға жуық адамның осындай күдікпен басы шабылып, өртелген (олардың дені әйел адамдар – ред.). Үндістанның билігі мен  полициясы әлі күнге дейін соқыр сенімге негізделген қылмыс түрлерімен күресіп келеді. Мәселен, 2013 жылы сиқыршылардың кесірінен 119 адам, ал 2012 жылы 160 адам зардап шеккен. 

 

 

 

 

0 пікір
Мұрағат