Саудия королі үшін суға түсірмеуі мүмкін
Саудия королі үшін суға түсірмеуі мүмкін
9 жыл бұрын 2989

Франция мемлекетінде Лазур жағалауындағы қоғамдық жағажайдың бір аптаға жабылуы турасында дау көтерілді. Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдулазиз әл-Саудтың осы жағалауда демалысын өткізуіне байланысты бір апта бойына жағажайға жан баласын жақындатпайтын болған.

Валлорис қаласының билігі хабарлағандай, жағажай арнайы қоршаумен қоршалып, король және оның 400-ге жуық туысқандарының қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Король келісімен қала тұрғындарына жағажай баруға тыйым салынады.

Бұл шешім қала тұрғындарының наразылығын тудырып, қоғамдық пкірталасты өршіте түсті. Сондай-ақ, жағажайға тұрақты түрде келіп жүргендер қала әкімшілігінің тұрғындар пікірімен санаспағандығын алға тартады. Король тоқтайтын вилла айналасындағы құрылыс жұмыстары да қала тұрғындарына қытығына тиген мәселенің бірі болып тұр. Дегенмен, Сауд Арабиясы өкілдері демалысы бітісімен, қоршауды жинап алатындарын айтып отыр.

Саудия королінің нақты қай күн келетіні әзірге белгісіз болып отыр. 

0 пікір
Мұрағат