|
Ең бойы ұзын ерлі-зайыптылар қиындықтары туралы айтып берді
|
Әлемдегі бойлары ең ұзын ерлі-зайыптылар, дәлірегі, қытай спортшылары Сунь Минмин мен Сюй Янь 2016 жылға арналған Гиннес рекордтар кітабының тұсаукесерінде қандай қиындықтармен бетпе-бет келетіні жайында айтып берді. Бұл жайында Lenta.ru ақпарат көзі хабар таратты. Баскетболшы Сунь Миннің бойының ұзындығы 236,17 сантимертді, ал гандболшы Сюй Янның бойының ұзындығы 187,3 сантиметрді құрайды. Олар 2009 жылы бас қосты. Ерлі-зайыптылар ұшаққа, көлікке отырған кезде қолайсыздыққа тап болатындарын жеткізді. Сюйдің айтуынша, Қытайда мынадай түсінік қалыптасқан: бойың ұзын болса, онда отбасын құру үшін бойы сенімен бірдей серігіңді іздеп тап! Ол ол ма, бойлары көп сәйкес келмейтін жұптарға ата-аналары баталарын бермейтін көрінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды