Етті ең көп импорттайтын мұсылман елі аталды
Етті ең көп импорттайтын мұсылман елі аталды
1 жыл бұрын 1286 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2020 жылы әлемдік халал өнімдер нарығының айналымы шамамен 1,98 трлн долларды құрады. Халал индустриясының жыл сайынғы көрсеткіші 2 трлн доллардан асады. Сарапшылардың есебінше, 2024 жылы шариғат талаптарына сай әзірленген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден түсетін табыс 3,5 трлн долларға жетпек. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Росконгресс қоры келтірген дерекке жөн сілтеген islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халал өнімдер мен қызметтер нарығы тұрақты түрде жедел дамып келеді. Оның өсу қарқыны соңғы уақытта  жылына 5%-дан 15%-ға артқан. Бұған әлемдегі мұсылмандар санының шапшаң өсуі секілді демографиялық фактормен қоса, мұсылман емес елдер арасында да халал өнімдер танымалдылығының артуы себеп болуда. 2025 жылы күллі әлемде өндірілген өнімдерге шаққанда халал өнімдер үлесі 20%-дан кем болмайды. Ал ет өнімдеріндегі шариғат талаптарына сай ет өнімдерінің үлесі 35%-ға жетіп қалған. Мұсылман елдері арасынан Саудия шариғат талаптарына сай сойылған мал мен құс етінің аса ірі импорттаушысы – жылына 1,2 млрд долларға ет өнімдерін импорттайтын болып шықты.

0 пікір
Мұрағат