Ислами әдебиеттерді тыйым салудан қорғайтын заң жобасы қарастырылуы мүмкін
Ислами әдебиеттерді тыйым салудан қорғайтын заң жобасы қарастырылуы мүмкін
1 жыл бұрын 1160 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Шешенстан республикасының парламенті мемлекеттік думаның қарауына экстремистік деп танылмауы тиіс діни мәтіндерді толықтыратын заң жобасын енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы grozny-inform ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Атап айтқанда, шешен депутаттары хадис жинақтары мен төрт негізгі мәзһабтың (Ханафи, Мәліки, Шафиғи және Ханбалы) еңбектерін экстремистік материалдар санатына жатқызбауды талап етіп отыр. Шешен парламентінің өкілдері мәтіннің түпнұсқа мәтінін де, Ресейдегі халықтар тіліне аударылғандарын да заңмен қорғау керек деп есептейді. Шешен депуттарының мұндай қадамға баруына Ресей Федерациясының аймақтары мен соттарының классикалық ислам әдебиеттеріне жиі тыйым салатыны себеп болып отыр. Қазіргі уақытта РФ аумағында қасиетті Құран, Інжіл, Танах және Канжур мәтіндері ғана экстремистік деп тану қарастырылмайтын материалдар тізімінде тұр. «Экстремистік әрекетке қарсы іс-қимыл туралы» федералды заңға өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылдың қараша айындағы № 314-Ф3 федералдық заңында Інжіл, Құран, Танах және Канжур, олардың мазмұны мен олардан алынған дәйексөздер экстремистік деп тануға болмайтындығы туралы ережені қарастырады.

0 пікір
Мұрағат