|
Еуропа елінде ислам дінін тану факултеті ашылды
|
Германиядағы Мюнстер университетінде ислам дінін тану факултеті ашылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Германияның білім беру министрі Аннетте Шаван мәлімдемесіне сүйенген Welt ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш факултет шілде айының 1-нен астап жұмыс істейді. Ал ондағы дәріс 2026/2027 оқу жылының қысқы семестірінде басталады. Факултет ислам ғылымдарының білікті мамандары мен оқытушыларын даярлайды. Факултетте 8 профессор дәріс береді. Факултет деканы болып 2012 жылдан бері аталған жоғарғы оу орнына қарасты ислам дінін тану орталығына жетекшілік еткен Мұқанат Құршит есімді дінтанушы педагог тағайындалды. «Бұл факултет пен діндер кампусы діндердің бүкіл әлемде ықпалды екенін және діндер арасындағы татулықсыз халықтар арасында бейбітшілік болмайтынын түсінуге көмектеседі», - деп атап өтті Аннетте Шаван. Ол «автократтардың дінді өз мақсаттары үшін және билігін нығайту үшін дінді пайдалануға бейім тұратынын» атап өтті. Мюнстердегі қазіргі факултет 2012 жылы Мюнстер мен Оснабрюк университеттерінің бірлескен жобасы ретінде Германияда ислам білімі саласында оқытушылар мен діни қайраткерлерді даярлау үшін ашылған Ислам теологиясы орталығынан бастау алады. Бүгінде мұнда 450 студент оқып, 80-ге жуық қызметкер еңбек етуде. Факултет болып қайта құрылғаннан кейін ислам теологиясы деканатының өзі докторлық дәреже беріп, емтихан комиссиясын өзі жасақтай алады.