Еуропа Түркиядан артта қалып қойғандарын мойындады
Еуропа Түркиядан артта қалып қойғандарын мойындады
8 жыл бұрын 2228

Еуропа Кеңесінің Парламент ассамблеясы ЕО елдерінің Таяу Шығыс пен Африканың солтүстігінен ағылған босқындарға қолұшын беруде Түркиядан әлдеқайда артта қалып қойғандарын мойындады. Аталған ассамблея мәжілісінде Түркия мен ЕО арасында босқындарға байланысты мәселе талқыланды. Бұл жайында түріктердің «TRT» телерадиокомпаниясы хабар таратты. Мәселен, неміс депутаты Анетта Грот ассамблея мінберінде сөйлеген сөзінде босқындарға көп көмек қолын созған Түркия, Иордания және Ливан елдерімен салыстырғанда ЕО-ның әлем алдында ұялатын жағдайда екенін тілге тимек етті. Депутаттың нидерландық әріптесі Тинеке Стрик уәде етілгендей 22 мың босқынды емес, бар-жоғы 4 мың босқынды қабылдағанын жеткізді. Ал олардың австриялық әріптесі Стефан Шеннах те, швейцариялық Дорис Фиала да олардың пікіріне қосылды. Айта кетейік, Түркия 3 млн-нан аса сириялық босқынды қабылдаған.

0 пікір
Мұрағат