Бүгін Мұхаммед Икбалды еске алу күні
Бүгін Мұхаммед Икбалды еске алу күні
8 жыл бұрын 4327 www.islamnews.ru

Бүгін Пәкістанда Икбал күні. Пәкістанның рухани әкесі саналған ақын, Мұсылман лигасының президенті Мұхаммед Икбалды еске алу күні.

Икбал 1877 жылы 9 қарашада Сиялкотта тақуа тігіншінің отбасында дүниеге келген. Бастауыш білімді өзінің туған жерінен алады. 1892 жылы Карим-бибі деген дәрігердің қызымен отау құрады. 

1895 жылы Лахордағы үкіметтік колледжге түседі. Ол онда философияны, араб және ағылшын әдебиеттерімен жақын танысады. Оның ұстаздарының бірі ориенталист Томас Уокер Арнольд болды. Ұстазы оған зейінін ашу мақсатында еуропаны саяхаттап қайтуға кеңес береді. 1899 жылы магистр дәрежесін алды. Білімін Англия мен Германияда жалғастырды. Ол философияны, құқық саласын, әдебиетті, араб тілін тереңірек оқыды. 1908 жылы философия профессоры атанды.

Өзінің өмір жолында Мұхаммед Икбал мұсылмандардың бірігуі жолында көп еңбек етті. Оның еңбектері урды, парсы, ағылшын тілдеріне аударылған. 

Икбал 1938 жылы 21 сәуірде Лахорда көз жұмды. 1953 жылы "Икбал қоғамы" («Базм-е-Икбал») құрылды.

Мұхаммед Икбал о дүниеге аттанар сәтінде: «Мен ешқашан өлімнен қорықпаймын, өйткені мен мұсылманмын. Әрбір мұсылманға өлімді күлімдеп қарсы алған жарасады. Шындығында өлім – мәңгілік әлемге ашылған перде ғана», - деген екен. 

0 пікір
Мұрағат