Намаз оқығаны үшін мұсылмандарға салық салуды ұсынды
Намаз оқығаны үшін мұсылмандарға салық салуды ұсынды
8 жыл бұрын 6319

Германияның билік басындағы Христиан-социал одағы коалициясының өкілі әрі Бундестаг депутаты осы елдегі мұсылмандарға діни рәсімдерді орындағаны үшін арнайы салық салуды ұсынды. Ол бұл ұсынысын «Süddeutsche Zeitung» мерзімді басылымына берген сұхбатында да білдірген болатын. Осыдан сәл бұрын оның партияласы Радван Андреас Шойер Германия аумағындағы мешіттердің шетелден қаржыландырылуына тосқауыл қою керектігін айтқан болатын. Есесіне, олардың шығынын мемлекет қазынасынан өтеуді ұсынған еді. Яғни, бұл мәселеде де мұсылмандар есебінен өтеуді ұсынған болатын. Салық салу арқылы. Мұндай тәжірибе елдегі католиктер мен протестанттарға да қолданылатынын айта кету керек. Десе де, бір кілтипаны: Германиядағы мешіттердің дені мұсылман диаспораларының және Түркияның көмегімен тұрғызылған. Мұсылман мемлекеті болмағаннан кейін мешіт шығыны шетелден қаржыландырылып келген болатын. Сөз реті келгенде айта кету керек, қазіргі уақытта Германияда кейінгі толқын – босқындар легін есептемегенде 3,8-ден 4,3 млн мұсылман өмір сүріп жатыр. Бұл көрсеткіш елдегі жалпы халық санының шамамен 5%-ын құрайды. 

0 пікір
Мұрағат