|
Еуропада тұңғыш ислам университеті ашылады
|
Италияның Лечче қаласында Еуропадағы алғашқы Ислам университеті ашылмақшы. Универститеттің негізін қалаушы осыдан 3 жыл бұрын ислам дінін қабылдаған Джампьеро Халед Паладини бұл құрылыстың алдағы 3 жыл ішінде аяқталатындығын айтты. Құрылыс біткен соң, университет бес мыңға жуық студентті қабылдайды. Сондай-ақ, Паладини университет дін саласынан бөлек өзге де мамандықтарды оқытатынын жеткізген. Италиялық жергілікті БАҚ өкілдері салынып жатқан оқу орнын кәрі құрлықтағы тұңғыш ислам университеті болатынын жарыса жазуда. "Quotidiano di Puglia" мерзімді басылымының хабарына қарағанда, 3 жыл ішінде медицина мен ауыл шаруашылық мамандықтары да ашылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды