Жерорта теңізіндегі бір апатта 500-ге жуық босқын суға батып кетті (видео)
Жерорта теңізіндегі бір апатта 500-ге жуық босқын суға батып кетті (видео)
8 жыл бұрын 2143 islam.kz 24.kz

Өткен аптаның соңында Жерорта теңізінде соңғы 12 айдың ішінде аса ірі апат орын алып, 500-ге жуық босқын суға батып кетті. Осы апатқа қатысты деректер енді белгілі болып жатыр. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасының өкілдері хабарлады. Босқындар мінген кеме Ливия мен Италия арасындағы тұста суға кеткен. Апаттан бар-жоғы 41 адам аман қалған, олардың 37-сі ер адам да 3-еуі әйел және бір бала. Тірі қалғандардың сөзіне қарағанда, 100-200 адам Ливияның ұзындығы 30 метрлік кемесімен шыққан. Бірнеше сағаттан кейін олар өздері мінген кемеден ірірек кемеге жеткен. Олар шағындау кемеден ірілеуіне ауысып отырған. Міне, апат осы кезде орын алған. Артық салмаққа көтере алмаған кеме суға кеткен. Шағын кемеде қалғандары ғана аман қалған екен. Олар бірнеше күн ашық теңізде жүзген. Бұл жайында "Бизнес-онлайн" ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат