|
Фашистер суға батырған қазына табылды
|
Британияның «Deep Ocean Search» тобы жетекшілік еткен француздардың океанологтары Атлант мұхитының түбінен шамамен 50 млн долларға бағаланған күміс тиындарды тапты. Бұл жайында «MailOnline» ақпарат көзі хабар таратты. Бұл қазына 1942 жылы фашистердің сүңгіуір қайығы суға батырған британиялық «City of Cairo» кемесінен табылды. Аталмыш кеме Бомбейден Англияға 100 тонна күміс тиындарды алып бара жатқан жерінде суға батқан.
2011 жылға дейін бұл кеме хабар-ошарсыз кеткен кемелердің санатында болған. Оны «Deep Ocean Search» командасы тапты. Кеме 5150 метр тереңдікте табылды.




.jpg)


Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды