Гарвард исламофобияға қарсы арнайы комитет құрды
Гарвард исламофобияға қарсы арнайы комитет құрды
2 ай бұрын 443 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Гарвард университеті студенттердің діни кемсітушілікке ұшырағаны туралы шағымынан кейін исламофобиямен және антисемиттікке қарсы күресетін арнайы комитет құрды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осынау беделді оқу ордасында білім алып жатқан араб, палестиналық және пәкістандық, т.б. мұсылмандар университет қабырғасында діни және нәсілдік кемсітушілікке жиі ұшырайды. Жәбір көргендердің шағымын университет басшылығы қарамайтын еді. Мұсылман құқық қорғаушыларың көмегімен шағым Гарвардтың түрлі бөлімдеріндегі 8 студенттің, оның ішінде бірнеше мұсылман еместердің атынан білім департаментіне жөнелтілген. Осыдан кейін Гарвард басшылығы биліктің пәрменін күтпей, белсенді позицияны ұстануға шешім қабылдады - университет президенті міндетін атқарушы Алан Гарбер (суретте - ред.) исламофобия мен антисемитизммен күресу үшін арнайы комитеттердің құрамын жариялады. Исламофобияға қарсы күрес жөніндегі комитеттің құрамына Таяу Шығысты зерттеу профессоры Әлі Асан, халықаралық қаржы профессоры Әсім Ижаз Кбажа, тамақтану және эпидемиология профессоры Уапай Фабзы және т.б. кірді. Өз кезегінде антисемитизммен күрес жөніндегі комитеттің құрамына заң профессоры Жаред Елиас, бизнесті басқару профессоры Рафаелла Садун, еврей тарихы профессоры Дерек Пенслар және т.б. бар.

0 пікір
Мұрағат