Германия Катардан 1 млн тонна газ алады
Германия Катардан 1 млн тонна газ алады
2 ай бұрын 366 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Annegret Hilse / Reuters

Qatar Energy және америкалық ConocoPhillips компаниялары Германияға 2026 жылдан бастап 15 жыл мерзімге сұйытылған табиғи газды (СТГ) жеткізу туралы келісімге қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Катардың аталған еуропалық елмен ұзақ мерзімге жасалған келісім Германияның энергетикалық қауіпсіздігіне кепіл беруі тиіс.  QatarEnergy жетекшісінің айтуынша, жылына екі миллион тонна Германияға жеткізіледі. QatarEnergy бұған дейін Қытаймен де 27 жыл мерзімге сұйытылған табиғи газбен қамтамасыз ету туралы келісімшартқа қол қойған. Қытайдың Sinopec компаниясы аталған араб елінен жыл сайын төрт миллион тонна сұйытылған табиғи газ алады. QatarEnergy басшысының сөзінше, сұйытылған газ саласы тарихындағы ең ұзақ мерзімді келісімшарт осы Қытаймен бекітілген.

Ұқсас материал:

«Батыс елдерінің Таяу Шығысқа энергетикалық тәуелділігі артады» (https://islam.kz/kk/news/alem/batys-elderinin-tayau-shygysqa-energetikalyq-taueldiligi-artady-17752/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат