Amnesty International ұйымы Ұлыбританияның барлық албандарды депортациялау жоспарын сынға алды
Amnesty International ұйымы Ұлыбританияның барлық албандарды депортациялау жоспарын сынға алды
1 жыл бұрын 1141 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, сайтымыздың жаңалықтар таспасында «Ұлыбритания Албанияның барлық азаматтарын бірін қалдырмай депортациялауы мүмкін» (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/alem/ulybritaniya-albaniyanyn-barlyq-azamattaryn-birin-qaldyrmai-deportatsiyalauy-mumkin-17614/#gsc.tab=0) Балқандағы аталған елден Ұлыбританияға бір жыл ішінде 12 мың албан азаматы келгенін әрі осыған байланысты, яғни, Албаниядан келетін босқындар ағынын тежеу үшін Ұлыбритания аумағындағы барлық албанды бірін қалдырмай елден қууды көздеп отырғанын жазғанбыз. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыған байланысты Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Риши Сунак үкіметін Ұлыбританиядан барлық албан мигранттарын, тіпті, пана іздеуші мәртебесін алғандарды да депортациялау жоспарын қатаң сынға алып, айыптап отыр. Десе де «албандықтардың Ұлыбритания аумағында болу уақытын бірнеше күнге дейін қысқарту керек. Ішкі істер министрлігі пана сұраған соншалықты көп өтініштерді қарауға үлгермей жатыр. Қазірдің өзінде өтініштерді қарау уақыты 420 күнді құрайды және ол ұзарып барады», - деді депутат Дэвид Дэвис.

0 пікір
Мұрағат