|
Иран АҚШ-тың ұшақтарына әуе кеңістігін кесіп өтуге тыйым салды
|
Бұл тыйым АҚШ-тың әскери ұшақтарына ғана емес, сонымен қатар, азаматтық авиациясына да қатысты енгізілген. Иранның "Хатам әл-Анбия" зымыранға қарсы қорғаныс базасының қолбасшысы генерал Әмір Исмаил Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың Иранға және мұсылмандарға қарсы жүргізіп отырған саясатына қарсы осындай шара қолданғандарын жеткізді. "Біз әлемге екіжүзді саясат ұстанбаймыз өз-өзіне сенімді АҚШ секілді. Біз америкалық ұшақтарға, тіпті, жолаушылар тасымалдайтын ұшақтардың өзіне Иранның әуе кеңістігін кесіп өтуге жол бермейміз",- деп мәлімдеді генерал. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың шілде айының соңында АҚШ-тың Әскери теңіз күштеріне тиесілі кеме ирандық әскери кемеге Парсы шығанағында оқ атқан болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды