|
Иран биыл азаматтарын қажылыққа жібермейді (видео)
|
Иран билігі биыл азаматтарын Меккеге қажылық парызын өтеу үшін жібермейтін болды. Бұл туралы жергілікті «PressTV» телеарнасы хабарлады. Парсы үкіметі Сауд Арабиясы қажылықты өтеуге кедергі тудырады деп айыптаған. Қос елдің арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға арналған келіссөздердің екі кезеңі де ешқандай нәтиже бермеді. Ал, Эр-Рияд Тегеранның Иран азаматтары үшін қауіпсіздік шараларын күшейту туралы ұсынысын қабылдамапты. Айта кетейік, былтырғы қажылық кезінде Мина жазығында 2,5 мың адам аяқ астында тапталып, көз жұмған еді. Марқұмдардың арасында 464 Иран азаматы болған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды