|
Жаһан: Лаңкестердің құпия жерасты жолдары табылды (видео)
|
Ирак әскері Әл-Фаллуджа қаласының маңынан содырлардың бірнеше құпия жерасты жолын тауып алды. Лаңкестер үкіметтің қарулы күштерімен соғыста жеңіле бастаған кезде осы туннельдер арқылы бой тасалаған деген дерек бар. Ең ұзын жерасты жолы кірпіш зауытының аумағынан қазылған. Осының алдында сарбаздар Әл-Фаллуджаның батысында ТГИЛ-дың 80 мүшесін өлтірген еді. Бұл шаһарды экстремистер 2014 жылы басып алған. Қаланы азат ету операциясы 23 мамырда басталды. АҚШ әскері жасаған шабуылдардың арқасында біраз тұрғын қаладан шығып үлгерген. Дегенмен, Пентагонның мәлімдеуінше, қазір 50 мыңға жуық адам Әл-Фаллуджадан әлі күнге дейін кете алмай отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды