|
Иранның әскери өнімдерінің экспорты 1 млрд долларға жетті
|
Бір жыл ішінде Иранның әскери саладағы өнімдерінің экспорты 1 млрд долларға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің қорғаныс министрінің орынбасары, генерал Мәді Фарақ мәлімдемесіне жөн сілтеген ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Министр парсы елінің қазіргі уақытта қосалқы бөлшектер мен құрастыруға қажетті деталдарды ғана өндіретінін, алайда, алдағы уақытта алдыңғы қатарлы әскери өнімдер мен техникалар өндірісіне көшетінін жеткізді. Соның ішінде гибридті соғысқа арналған жаңа технологиялар әзірленіп жатқанын да жасырмады. Иран озық технологиялы қару-жараққа экономикалық шектеулер мен қару-жарақ эмбаргосына қарамастан сұраныс болатынын дәлелдеп берді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды