|
Исламды қабылдаған «этникалық емес» әйел Мұсылмандар діни басқармасына басшы болды
|
Исламды қабылдаған Лиза Киллинджер есімді АҚШ тұрғыны Айова және Иллинойс штаттарының шекарасында орналасқан, біріккен қала болып табылатын «Төрт шаһардың» мұсылман жамағатының президенті болды. Яғни, мұсылмандар діни басқармасына жетекші болды. Бұған қоса, ол АҚШ-тағы мұсылмандардың құқығын қорғайтын Америка-Ислам қатынасы жөніндегі кеңестің (CAIR) жергілікті бөлімшесін да басқарып отыр. «Мен епископтың отбасында тәрбиелендім. Бірде бір мұсылманмен танысып, Айова университетіндегі кафеде бірге тамақтандық. Ол менен неге сенетінімді сұрады. Мен «Тек бір Құдайға және Оның пайғамбарларды жібергеніне сенетінімді айттым»,- деді ол. Оның айтуынша, 1979 жылы ол алғаш рет ораза ұстаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды