Мешіттегі суицид
Мешіттегі суицид
9 жыл бұрын 5204

Ағылшындардың Брент қаласында жергілікті жамағаттың есінде ұзақ уақыт есінде қалатын, кісі өлімімен аяқталған қайғылы оқиға орын алды. «Brent & Kilburn Times» ақпарат көзінің хабарына қарағанда, қасиетті Рамазан айында жергілікті жамағат таң намазы алдында мешіт еденінде жатқан жасы бірталайға келген ер адамды көрген. Жедел жәрдем шақырады. Алайда, ер адам сол күні кешкісін уланғаннан қайтыс болады. Артынан белгілі болғандай, 67 жастағы Әбдіқадыр Уссейн химиялық сұйықтық ішіп, өз-өзіне қол жұмсаған. Бірақ, бұл ісіне өкініп, жамағаттан көмек сұрау үшін мешітке келген. Оның зайыбы жесір, бір ұлы мен қыздары жетім қалды. Жергілікті жамағаттың арасында сыйлы болған көрінеді. Оның сүйегін жерлеуге 1200-нан аса адам жиналған. Десе де, не себептен оның мұндай қадамға барғанын ешкім түсіндіріп бере алар емес. Имам Әбдісаттарға есінен танбай тұрғанда: «Имам, мен ешқандай жаманшылық істеген жоқпын» деп айтып үлгерген.  

1 пікір
Мұрағат