|
Израилдіктер сахабалар жерленген мазарды қирата бастады (видео)
|
Әлеуметтік желіде тарап кеткен израилдік вандалдардың жаулап алынған Палестина жеріндегі сахабалар жерленген мазарды қиратып жатқа сәті бейнеленген видео исі мұсылманның ашу-ызасын тудыруда. Нақтырақ айтқанда, бұл арада Ақса мешіті маңында орын тепкен Баб әл-Рахм мазары жайында сөз болып отыр. Мұндағы ең көне зират шамамен VII ғасырға тиесілі. Осы мазарда екі сахаба жерленген: Убад ибн ас-Самит және Шадад ибн Аус. Израилдік табиғат және саябақтар басқармасының қызметкерлерінің сом балғамен және өзге құрал-сайманмен ежелгі мазарды қиратып жатқан сәті таспаға тартылып, әлеуметтік желіде жарияланған. Көп ұзамай бұл арада Ұлттық саябақ құрылысы жүрмек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады