Жаһан: Премьер-министр: «Мұсылмандар біздің қасиетті нәрсемізді жемесін»
Жаһан: Премьер-министр: «Мұсылмандар біздің қасиетті нәрсемізді жемесін»
9 жыл бұрын 3083 Ерлерге арналған емхана

Мұсылмандар сиыр етін жемеуі керек, өйткені, ірі қара Үндістанда «сенім догматы болып табылады». Бұл жайында қасиетті жұма күні Үндістанданның билік басындағы Халық партиясы көсемдерінің бірі әрі Харьян Манохар штатының премьер-министрі Лал Хаттар мәлімдеді. Саясаткердің айтуынша, «адамның бостандығы белгілі бір дәрежеде өзге біреудің көңілін қалдырмауда жатыр». «Сиыр етін жеу өзге қауым өкілдерінің ар-намысына тиеді. Тіпті, конститутция бойынша бұлай істеуге болмайды. Конституцияда менің жаныма бататын қандай да бір әрекетке бармау  турасында айтылған. Мен де басқа біреудің ар-намысын тиетін ештеңе істей алмаймын ғой»,- деді ол «The Indian Express» мерзімді басылымының тілшісіне берген сұхбатында. «Сиыр етін жемей-ақ мұсылман болып қалуға болады. Солай емес пе? Еш жерде «мұсылмандар сиыр етін жесін», деп жазылмаған...»,- деді ол сөз соңында. 

 

Жезөкшелерге жаза күшейтілді 

Тәжікстан билігі жезөкшелікпен айналысқандарға қатысты жауапкершілікті арттырып, жазаны күшейтті. Яғни, бетке шіркеу осы мәселеге байланысты Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске түзету енгізілді. Жуырда қабылданған жаңа ережеге сәйкес жезөкшелікпен айналысқандар бұдан былай аса ірі мөлшерде айыппұл төлеп қана қоймай, сонымен қатар, 15 тәулікке абақтыға жабылады. Яғни, алдымен айыппұл салады, бұл жиіркенішті жат әрекетін қайталағандарды аталған мерзімге бас бостандығынан айырады. Бұл жайында «Азаттық радиосының» тәжік бөлімі хабар таратты. Депутаттардың мұндай қадамға баруына бұрын қабылданған шаралардың ойдағыдай нәтиже бермегендігі себеп болған. Өткен жылдың күз мезгілінде Тәжікстанның ішкі істер министрлігі тек жезөкшелерді ғана емес, сонымен қатар, олардың клиенттерін де жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырған болатын. Сол жылдың ақпан айында Тәжікстан үкіметі жанындағы әйелдер ісі жөніндегі комитет өкілдері ел аумағында жезөкшелікпен айналысатындар қарасының артып келе жатқанына алаңдаушылық білдіріп, дабыл қаққан болатын. Олар бұл жағымсыз әрі жат құбылыстың белең алуын елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауымен байланыстырып түсіндірген болатын. Айта кетейік, СПИД-пен күрес жөніндегі жаһандық қордың мәліметіне қарағанда, үстіміздегі жылдың мамыр айындағы есебі бойынша Тәжікстанда жезөкшелердің қарасы 14  мыңнан кем болмаған. 

 

Ерелерге арналған емхана

Швеция астанасы – Стокгольм қаласында зорланған ересек ерлер мен ер балаларға көмек көрсететін емхана ашылды. Бұл жайында Local ақпарат көзі хабар  таратты. Аталмыш жоба осы елдегі либералдық партияның, Христиан-демократиялық партияның қолдауымен жүзеге асты. Sodersjukhuset көмек көрсету орталығында зорланған әйелдер мен қыз балалар емделеді. (Жылына 700-ге жуық әйел ем алып шығады). Ал ерлерге арналған мұндай емханада зорланған ерлер мен ұл балалар тегін емделетін болады. Зорланған ерлерге көмек көрсетуге арналған мұндай емхана әлемде тұңғыш рет ашылып отырғанын айта кету керек. Айта кететін тағы бір жайт, Швецияда өткен жылдың өзінде шамамен 370 ересек ер адам мен ұл балалар зорланған. Бұл жалпы зорлау фактісінің 7 пайызын құрайды екен. 

0 пікір
Мұрағат