Ғарышкер Айдын Айымбетов мешітте қонақ болды (фото)
Ғарышкер Айдын Айымбетов мешітте қонақ болды (фото)
9 жыл бұрын 5294 Ғалымжан Жүкей

«Халық қаһарманы» болған Айымбетов бүгін Талдықорғанның орталық мешітінде құран оқытты. Ғарышкерге “Иман” мешітінің қызметкерлері қасиетті кітапты сыйға тартты.

Ғарыштан жерге оралғаннан кейінгі туған жеріне тұңғыш рет аяқ басқан Айдын Ақанұлы бүгін Талдықорғанның орталық мешітіне бас сұққан. Ол наиб имам Серікхан Ахмадиевпен сұқбаттасып, артынша барлығы тізе бүгіп құран бағыштады.

Кеше Жетісу жұршылығы батыр ұлдарын ұлықтап, «Талдықорғанның құрметті азаматы» деген атақ беріп, көлік мінгізгізген еді. Бүгін орталық мешітке келген ғарышкерге имамдар ерекше көркемделген Құран кітабын сыйға тартты.

Естеріңізге сала кетсек, Айдын Айымбетовті ғарышқа ұшар алдында христиан дінінің қызметшісі оның бетіне киелі су шашқанына халық ерекше назар аударған. Тіпті араларында оның мұсылман екеніне күмәнданғандар да болды.

Осы орайда оқырмандар Бас мүфтидің қазақ ғарышкеріне бет сипап, бата бермегеніне қынжылса, киелі сумен шоқындырма деп айтпағаны үшін Айдын Айымбетовке де кінә артқандар табылған болатын.

Айымбетов мешіт 2

Айымбетов мешіт 1

Айымбетов мешіт 3

Айымбетов мешіт 4

0 пікір
Мұрағат