Жаһан: Түзге отыра алмаса да мұсылмандардан көреді
Жаһан: Түзге отыра алмаса да мұсылмандардан көреді
9 жыл бұрын 3773

Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы мұсылмандар индус радикалдары тарапынан төнген қауіптен жасырынып өмір сүруде. Бұл жайында «Indian Express» ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, Музаффарнагар ауданына қарасты елді-мекендердің бірінде белгісіз біреулердің қолынан ажал құшқан 25 жастағы Сатвира есімді үнділік жас жігіттің қазасын жергілікті мұсылмандардан көрген индус радикалдары өретүрегелді. Олар тәртіп сақшыларынан да қаймықпай мұсылмандар тығылған мешітті қоршауға алып, тас лақтырып, оқ атты. Кісі қолынан өлген жігітті өлтірген кім? Оның наным-сенімі қандай? Ол жағын ажыратып жатпай, бірден мұсылмандарға таяқ ала жүгірген индустар маусым айының 27-і күні Уәсим есімді мұсылман ер адамды өлтіріп тастады.  

 

Мұсылмандарды қорлап, кемсіту қасиетті айда да тыйылмай тұр

Британияның Шеффилд елді-мекенінің 20 жастағы Юсра Ахмет есімді мұсылман бойжеткені құрбыларымен бірге қоғамдық көлікте исламофобтан зәбір көрді. Тарқатып айтқанда, 20 жастағы Манчестердің мұсылман бойжеткені құрбыларымен автобусқа кіргені сол екен, жүргізуші әйел оларға ашықтан-ашық тиісіп, исламофобиялық әрекетке жол берген. Бұл жайында «The Star» ақпарат көзі хабар таратты. «Ол өзге жолаушыларға жасамағанын жасап, біздің билеттерімізді шұқшиып тексерді. Онымен қоймай, бас-аяғымызды көзімен сүзіп шықты да сөмкемізде ыстық астың бар-жоғын сұрады». Бойжеткендер әдеп сақтап суып қалған тағам (күріштің) барын айтқанда ол автобусты басына көшіре айқайлап, жолаушылардың көзінше қыздарға дүрсе қоя берген. «Автобусты сасытатын болдыңдар ғой» деп. Бойжеткендер автобустан түсіп қалуға мәжбүр болған. Келесі автобусты жарты сағат уақыт күтуге тура келген.

 

Қоғамдық көлік компаниясы мұсылмандардан кешірім сұрады  

Ұлыбританияда оксфордтық «Stagecoach» көлік қызметінің жүргізушісінің үстінен исламофобиялық құбылыспен күресетін «Tell MAMA» ұйымына шағым түсті. Дәлірегі, аталмыш көлік қызметінің жүргізушісі аялдамада тұрған мұсылмандардың тұсынан тоқтамай өтіп кеткен. Мұсылман болғаны үшін. Осы келеңсіздікке куә болған Акбар есімді жігіт діндес бауырларымен (араларында шариғат шәлісін жамылған әйел де бар) автобус күтіп аялдама тұрған. Көлік жүргізуші оларды көрген бетте тежегішті басудың орнына жылдамдықтты арттыратын тетікті басып, тезірек өтіп кетуге асыққан. Аталмыш қоғамдық көлік компаниясының басшылығы мұсылмандардан кешірім сұрап, болған жайтқа тексеру жұмыстарын жүргізетініне уәде берді.

0 пікір
Мұрағат