Мұсылман еместердің ауыз бекітуіне не себеп болды?
Мұсылман еместердің ауыз бекітуіне не себеп болды?
9 жыл бұрын 3118

Біріккен Араб Әмірліктерінде қасиетті Рамазан айында мұсылман еместер де мүміндерге еліктеп, ауыз бекітуде. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Al Arabiya» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Мәселен, Германия тумасы Сони Нюбер қасиетті ай кіргелі құрма, соя сүті, кофе секілді тағамдармен сәресін ішеді. Осыдан кейін маркетинг болып істейтін ол жұмысына кетеді. Күні бойы мұсылмандармен бірге ораза ұстайды. Неміс әйелі араб тілі мен мұсылман мәдениетіне деген құштарлығы осындай қадамға итермелегенін жасырмайды. Ол алғаш рет оразаны күні қысқа қыс мезгілінде ұстаған екен. Ал Әбу-Даби қаласында жұмыс істейтін Дрю есімді америкалық инженер бір апта бойы ораза ұстаған көрінеді. Алайда, денсаулығындағы кінәратқа байланысты тоқтатқан. Дубайдан білім алған британдық Дэйл есімді студентке келсек, ол оразаны Жаратқанның құлына берген сыйы ретінде санайды.

0 пікір
Мұрағат