|
Жануарлар әлемі: Сингапурда көше бойында кобра мен питон шайқасты (видео)
|
Сингапурда студенттер кобра мен питонның төбелесін видеоға түсіріп алды деп хабарлайды nur.kz порталы Bnews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып,
Жыландар Наньян технологиялық университетінің жанында көлік жүретін жолдың бойында алысқан.
Аспирант Абишек Амбеденің айтуынша, питон кобраның басына оралып, жарты сағат бойы жібермей ұстаған. Алайда кобра ұзақ арпалыстан кейін басын босатып алып, ағаштардың арасына қашып құтылады.
Оқиға орнына жиналған студенттер зиянкес жануарлармен күрес қызметін шақырған. Мамандар питонды дереу ұстағанымен, ағаш арасына кіріп, ғайып болған кобраны ұзақ уақыт іздеген.
Қазір екі жылан да қауіпсіз орынға жеткізілді. Мамандар студенттерге жолда жүргенде, әсіресе түнгі уақытта мұқият болуды ескертті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады