|
Жануарлар әлемі: Тайландта бір топ піл мотоциклшіге шабуылдады (видео)
|
Тайландта ондаған піл таптай жаздаған мотоциклші зорға дегенде ажалдан аман қалды. Байкердің аумақта қатты жүруі жануарларды қатты «ашуландырған».
Пілдердің мотоциклшіге шабуылдағаны бейнеленген видео YouTube арнасында танымал болып үлгерді. Ролик авторының айтуынша, ескі байктың құлаққа жағымсыз дауысы пілдерді осындай қылыққа итермелеген. Олар бірнеше рет адамға жақындап келген, мотоциклді аяқтарымен «таптаған». Алайда пілдер байкерге тиісе қоймаған.
Оқиға Кхауяй қорығында орын алғаны белгілі болып отыр. Мотоциклші дереу орманға тығылып, жануарлардың ашуы басылғанда ғана шыққан көрінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды