Жарты жылда (тәліптер билік басына келгелі) жарты млн ауған босқыны отанына оралды
Жарты жылда (тәліптер билік басына келгелі) жарты млн ауған босқыны отанына оралды
2 жыл бұрын 1110 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресми статистикалық дерек бойынша соңғы жарты жыл ішінде Ауғанстанға 550 мың ауған босқыны Ираннан, Пәкістаннан және өзге де елддерден оралған. Бұл жайында islam.kz порталы тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының 2003 жылғы қарарымен террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда да қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) құрған үкіметтің босқындар ісі жөніндегі министр орынбасары Мұхаммед Арсалаһ Хорутиге жөн сілтеген regnum ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Тасним» ақпарат агенттігінің аймақтық кеңсесі келтірген дерекке қарағанда, Иран, Пәкістан, т.б. елдердегі ауған босқындарының қарасы шамамен 7 млн адамға жеткен. Десе де Мұхаммед Арсалаһ Хорути қанша ауған босқынының өз еркімен елге келгенін және қаншасын өзге елдерде депортацияланғанын ашып айтпады. Дегенмен ауған босқындарының дені тәліптер билік басына келгенде үрей жетегінде өзге елдерге ағылғанын айта кету керек, алайда, өзге елде білім алу, жұмысқа тұру, күнкөріс қамы секілді әлеуметтік қиындықтармен бетпе-бет келгеннен кейін отанына оралып жатыр. Ал, ел аумағындағы босқындар саны 3 млн-ға жетіп қалады. Осы жарты жылда еліне оралған ауған босқындарының 250 мыңдайы өзінің тұрақты мекеніне қайтып оралған.

0 пікір
Мұрағат