Палестиналықтарға азаматтық беруге тыйым салынатын заң қабылданды
Палестиналықтарға азаматтық беруге тыйым салынатын заң қабылданды
2 жыл бұрын 1401 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израил парламенті (кнессет) өткен аптаның жұма күні Израил азаматымен тұрмыс құрған, жаулап алынған Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторынан палестиналықтарға азаматтық беруге тыйым салатын заңға енгізілген түзетуді қабылдап жіберді. Бұл жайында islam.kz порталы infobae.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, 2003 жылы қабылданған аталмыш заңға енгізілген бұл тзетуді Кнессет депутаттарының шамамен төрттен үш бөлігі қолдап, дауыс берген. Осы орайда аталмыш заң жобасы Израил қоғамында үлкен шу тудырып, талас-тартыстың өршуіне апарып соқтырған. Заң жобасын жақтайтындардың айтуынша, бұл заң палестиналық радикалды тұлғалардың Израилге енуіне тосқауыл қояды, ал наразы топтың пікірінше, мыңдаған аралас некедегі азаматтар осы заңның кесірінен бөлек тұруға немесе елден кетуге мәжбүр болады. Бүгінде арабтар Израил халқының 20 пайызын құрап отыр.

0 пікір
Мұрағат