Жерасты мен суастына да радиотолқыны таралатын алып антенна құрастырылды
Жерасты мен суастына да радиотолқыны таралатын алып антенна құрастырылды
5 жыл бұрын 2276 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайда көлемі Нью-Йорк мегаполисіндей болатын, төменгі жиілікте жұмыс істейтін антенна (ELF) құрастырды. Бұл алып құрылғы төніп келе жатқан табғи апатың алдын алу, яғни, зілзаланы ескерту әрі геологиялық барлау үшін құрастырылған. Ресми ақпарат бойынша, ал әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары Қытайдың бұл жобасын әскери мақсатта қолданылатынын алға тартуда. ELF жобасы 2016 жылдан бастап қолға алынған болатын. Бұдан бөлек, Қытайдың әр түкпірінде мәліметтер мен деректерді жеткізетін әрі өңдейтін орталықтар құрылып жатыр. Аталмыш кешеннің төменгі жиіліктегі радиотолқыны жердің терең қабатын да қамти алатын қауқарға ие. Бұл өз кезегінде пайдалы қазба ресурстарды іздеп табуға көмектеспек. Әсіресе, сирек кездесетін металдарды. Сондай-ақ, жер сілкінісін алдын ала болжау үшін пайдаланылады. Төменгі жиіліктегі радиотолқындар тек жерастында ғана емес, сонымен қатар, суастында да таралуға қабілетті. Яғни, суасты кемесіндегілермен байланысуға мүмкіндік бермек. Суасты кемесі су бетіне көтерілмей-ақ, бұйрық пен нұсқау ала алатын болады. Бұл жаудың нысанасына айналмауға мүмкіндік береді. Антеннаны Қытайдың әскери флотын байланыс және өзге құралдармен жабдықтайтын, мемлекеттік кеме жасау компаниясының құрамында жұмыс істейтін Қытай ғылыми зерттеу институты құрастырды. Бұл жүйенің бір компоненті Оңтүстік-Қытай теңізіндегі Хайнань аралында орналастырылған. "Бұл жобаның соғыс бастала қалған жағдайда маңызы зор",- деді геология институтының өкілі Чэнь Сяобинь ELF нысандарының қауіпсіздігіне қатысты қойылған сауалдарға жауап беру кезінде. Қытай84 дизелді-электрлі әрі атомдық субмариннен тұратын суасты флотына ие. 2018 жылдың қараша айында Type 094 Jin суасты кемесі жаңа буынның JL-3 баллистикалық зымыранын сынақтан өткізгегін айта кету керек. Бұл зымыранның ұшу қашықтығы тәнті етпей қоймайды - Америка құрлығына дейін жетеді. АҚШ барлаушыларының келтірген дерегіне қарағанда, Қытай осындай төрт атомдық субмаринге ие әрі тағы екеуі құрастырылуда. 

© The Drive

0 пікір
Мұрағат