|
Жол-көлік апатының алдын алудың шариғи шарасы енгізілді
|
Иран полициясы көлік жүргізіп келе жатып, басындағы жаулығын сыпырған әйелдердің машинасын тәркілеп, айыппұл салатын болады. Иран полициясы мұндай қадамға, біріншіден, діни талаптардың сақталуын қамтамасыз ету әрі жол-көлік апатының алдын алу мақсатында барып отыр. Иран полициясы жуырда қабылданған жаңа ережеге сәйкес бұдан былай ескертумен шектелуді доғарады. Бұл жайында «Al Arabiya» ақпарат көзі хабар таратты. Бұл шара тек көлік жүргізген әйелдерге ғана емес, сонымен қатар, машинада отырып, әйелдерге қырындаған ерлерге де қолданылады. Яғни, олардың да автокөлігі тәркіленіп, айыппұл салынады. Айта кетейік, бұл елде соңғы аптаның ішінде жол-көлік ережесін бұзғаны үшін он мыңнан аса адам ескерту алған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды