|
Жүздеген американдық мешіт сыртын тазалауға келді
|
АҚШ-ның Кентукки штатындағы Уисвилль қаласының тұрғындары тайлы-тұяғымен жергілікті мешітке жиналып, жақында ғана вандалдардың шабуылына ұшыраған құлшылық ордасының сыртын тазартуға кіріскен. Өткен аптаның сәрсенбісінде белгісіз біреулер мешіт қабырғасына түрлі жазулар мен суреттер салып кеткен болатын. Болған оқиғаны естіген өзге дін өкілдері сенбілікке қатысып, қолғабыс білдірді. Сауапты іске мектеп оқушылары да үлес қосты. Мешіт қабырғасындағы жаулық ниеттегі сөздер мен анайы суреттерді кетіру үшін қала тұрғындарына ақша жинап, бояу сатып алған көрінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды