|
КАНАДА ПАРЛАМЕНТІ ИСЛАМОФОБИЯҒА ЗАҢМЕН ТЫЙЫМ САЛДЫ
|
Канада Парламенті исламофобиялық әрекеттерге қарсы заң жобасын мақұлдап отыр. Айта кетейік, дәл осы заң жобасы 6-қазан күні бірінші ұсынылған кезде қабылданбай қойған болатын.
«Бұл, тіпті, миға сыймайды. Исламофобия – өшпенділіктің, жеккөрушіліктің бір формасы. Онымен күресу қажет. Қандай адам осындай құжатқа қарсы шығады?!» – деп атап өтті Томас Малкейр есімді депутат. Оның бұл пікірін отырғандардың көбісі қолдап, исламофобияға заңмен тыйым салынатын болды.
Аталмыш заң жобасы Канада елінде дер кезінде қабылданып отыр. Ескерте кетсек, тек соңғы айдың өзінде бірнеше ірі исламофобиялық қастандықтар орын алған болатын. Университет қабырғаларындағы исламофобиялық плакаттар, өртелген Құран, мұсылман әйелдеріне жасалған шабуылдар...
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды