|
АЛМАТЫДА ХАЛАЛ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ
|
Алматыда тұңғыш рет ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің сертификатын алған ХАЛАЛ өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке қараша айының 11-12 күндері Алматы орталық мешітінің ауласында ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеге ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің сертификатын алған 30-дан астам компания өкілдері өз өнімдерін қояды. Атап айтқанда, ет, шұжық, кондитерлік өнімдер, сусындар және азық-түлік өнімдері. Сонымен бірге, биологиялық белсенді қоспалар да аталмыш жәрмеңкеге қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш бөлім 2014 жылы қазан айында құрылып, осы күнге дейін 70-ке жуық кәсіпорынға халал сертификатын берді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды