|
Күллі әлем бойынша азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнеді
|
Климат дағдарысы астық түсімін азайтады, дәлірегі, құрғақшылықтан бөлек жаһандық жылынуда белсенділік танытатын зиянкес жәндіктердің кесірінен егістік алқаптары жойылады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Reviews Earth & Environment мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық жылыну қарқынының үдеуіне байланысты ауа температурасы екі градусқа көтерілген жағдайда бидай түсіміне зиянкестерден келетін шығын 46 пайызға, ал күріш – 19 пайызға, жүгері – 31 пайызға артады. Қазіргі уақыттың өзінде зиянкес жәндіктер әлемдік астықтың 40 пайызын жоюда. Бұдан бөлек, климат дағдарысынан, дәлірегі, дәнді дақылдар түсімі әр градус жылынудан 10 пайызға кемиді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады