Лондон мэрі «сана полициясын» құрады
Лондон мэрі «сана полициясын» құрады
8 жыл бұрын 2499 ummet.kz

Ұлыбритания астанасы Лондонның мэрі Садық Хан қала қазынасынан 2 миллион фунт стерлингті жеке тұлға мен қоғамның қауіпсіздігін сақтау мақсатында арнайы полиция басқармасын құруға бөлуге бұйрық берді. Көпшілік үшін «сана полициясы» аталып кеткен жаңа басқарма ең алдымен әлеуметтік желілердегі исламофобия құбылыстарымен күресетін болады. Сондай-ақ, жаңа құрылымға "Tell Mama" атты нәсілшілдік пен қысымшылыққа ұшырағандарға көмек қызметін жұмылдырады. «Біз үкіметпен антиисламдық түсініктер мәселесін шешу үшін саяси деңгейде жұмыс істейміз және саясаткерлерге исламофобиялық іс-әрекеттер туралы дер кезінде хабар береміз. "Tell Mama" бұған дейін де Фейсбук пен Твиттер әлеуметтік желілерінде исламофобиялық көзқарастарға мониторинг жүргізген. Енді бұл жұмыс Лондон полициясымен бірлесе атқарылады» делінген "Tell Mama" қызметінің ресми сайтында.

Айта кетсек, Тұманды Альбион астанасының басшылығына сайланған Садық Хан мұсылман қауымымен кездесуге дайын екендігін мәлім еткен. Әкім қала метролары мен автобус аялдамаларынан жартылай ашық киімді әйелдер суреті бейнеленген жарнамаларды алып тастауды талап етті. Бұл бұйрықты С.Хан Британ астанасындағы көптеген тұрғындардың діни және моралдық ұстанымдарына кері әсер ететіндігімен түсіндірді. 

0 пікір
Мұрағат