Марокко Израилде елшілік ашу шартын алға тартты
Марокко Израилде елшілік ашу шартын алға тартты
1 жыл бұрын 1596 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Марокко билігі Израилде елшілігін «жайдан жай» немесе «бекерден бекер» ашпайды, белгілі бір талаптары бар. Соның ішінде Израил билігінің Сахраның батысындағы Марокконың емегендігін халықаралық деңгейде, ресми әрі жария түрде  мойындауы тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы Axios америкалық ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де Израил билігі Марокконың бұл талабын орындауға асығар емес, дәлірегі, кейінгі шегеріп отыр. Өйткені, сарапшылардың айтуынша, Марокко Израилде өз елшілігін ашпау үшін бұл шартта желеу етіп отыр, себебі, мароккалық қоғам Израилмен жақындасуға, дәлірегі, қандай да бір қарым-қатынас орнатуға түбегейлі қарсы. Соңғы жылдары 50-ден астам мұсылман елінің төртеуі ғана Израилмен екіжақты қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге шешім қабылдады. Оның өзінде, мұндай қадам Америка Құрама Штаттарының белсенді аралсуымен немесе ықпалымен жүзеге асқанын айта кету керек. Біріккен Араб Әмірліктерін есептемегенде Марокко, Бахрейн және Судан 1979 және 1994 жылдары израилдіктермен бейбіт келісімдерге қол қою үшін Мысыр мен Иорданияға қосылды. Екі жыл бұрын Израилдің дипломатиялық миссиясы 20 жылдан кейін Мароккодағы жұмысын қайта бастағанын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат