Медресе шәкірті әнұранды мойындамайтын болып шықты
Медресе шәкірті әнұранды мойындамайтын болып шықты
8 жыл бұрын 5456

Қырғызстанның Жалал-Абад қаласындағы мемлекеттік университетте жергілікті қазыят жиын өткізді. Аталған шара мемлекеттік әнұранды тыңдаудан басталды. Алайда, аталмыш облыстағы медреселердің бірінің шәкірті әнұран айтылып жатқанда орнынан тұрудан бас тартты. Қасиетті Құранда осыған қатысты ештеңе айтылмаған деп. Артынан сол «Айша Садық» деп аталатын медресе қабырғасында діни сауатын ашып жүрген қыздардың сөзінен белгілі болғандай, олар тек діни ілім алумен ғана шектелген, зайырлы қоғам құндылықтары оқу бағдарламасында қарастырылмаған. Облыстық білім беру орталығының директоры Ақылбек Токтосунов тілшілерге мәлімдегендей, бұл инцендетке аталған медресе жетекшілері кінәлі. Оның айтуынша, бірыңғай діни білім берілген күннің өзінде шәкірттер мелекеттік рәміздерді білуі тиіс. 

0 пікір
Мұрағат