"Құранда адамдарды кастаға бөлу қарастырылған ба?"
"Құранда адамдарды кастаға бөлу қарастырылған ба?"
8 жыл бұрын 2962

Мавритания тұрғыны, инженер Мұхаммед Шейх  ул-Мұхтейір "дінсіздігі" үшін өлім жазасына кесілді. Жас жігітті 2014 жылдың қаңтар айының 2-сі күні тұтқындаған болатын. Өзінің блогында Мавританияның касталық жүйесін сынағаны үшін. Ол ұсташылар кастасына жатады. Ұсталар бұл елде ең төменгі кастаға жатады. "Дін, діндарлық және ұсталар" деп аталатын жазбасында ол мавританиялық қоғамның касталық жүйесі туралы қасиетті Құранда айтылған ба деген сауал қойған. Инженердің бұл тезисі мавританиялықтар арасында қызу пікірталасқа арқау болып, оның жазбасына наразылық білдіргендер қарасы көбейді. Оны "Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) атына кір келтірді" деп негізсіз айыптап, "діннен безген" деп сынады. Нуадибу қаласының соты жас жігітті "дінсіздігі" үшін өлім жазасына кесті. Енді оның ісін Мавританияның Жоғарғы соты қарайды. Құқық қорғаушылар мұсылман үмбетін Мавритания қоғамының асыл дінімізді бұрмалап, жала жабылған жас жігітті арашалап қалуға шақырды. Ал жас жігіт ислам дінінен бас тартпағанын мәлімдеген. Бұл жайында «Благовест-инфо» ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат