1000 жыл толған көне мешіт әйелдерге есігін айқара ашты (фото)
1000 жыл толған көне мешіт әйелдерге есігін айқара ашты (фото)
8 жыл бұрын 3228

Үндістанның Керала штатына қарасты  Коттаяма қаласындағы ағаштан қиып салынған, сәулеті өзгеше, ең бастысы 1000 жылдық тарихы бар "Жұма Масжит" деп аталатын көне мешіт әйелдерге есігін айқара ашты. 

Аталған құлшылық ордасын тамашалағандардың қарасы көп болды, араларында алыстан ат арытып келген туристер де, көрші штаттардан келген меймандар да бар. Бұл шара ғибадат ғимаратын жауп тастағаннан түк пайда болмайтынын түсінгеннен кейін барып жүзеге асырылды. Жұртшылық  жергілікті халықтың әрі тарихы мен мәдениетінен хабардар болады әрі туризмді жандандыруға септігін тигізеді. 

Осы уақытқа дейін бұл мешітке әйелдерге кіруге тиым салынған еді. Оларға кіруге рұқсат берілді. Алайда, құлшылық ету мақсатында емес, ішін аралап көру мақсатында ғана рұқсат етілді. Әйелдерге сәуір айының 24-нен бастап, мамырдың 8-не дейін есігі ашық болады. Бұл аралықта ер адамдарға мешітке кіруге тиым салынған. 

Бұл мешіттің тарихы тым тереңде жатыр дедік. Оның тарихы осы өңірге ислам дінін таратқан Мәлік ибн Динардың кезінен бастау алады. 

0 пікір
Мұрағат