|
Қажылар ұмрадан кейін визасын ұзарта алады
|
Сауд Арабиясының туризм және ұлттық мұра жөніндегі комиссия Сұлтан бин Салтан ұмраға келіп, кіші қажылығын өтеп болған соң осы елде тағы бірнеше күнге қалғысы келетіндердің визасын ұзарту турасында бастама көтерді. Айта кетейік, «Королдік мұсылмандардың соңғы орны секілді» деп аталатын бастаманы аталған комиссия осыдан бірнеше жыл көтерген болатын. Егер бұл бастама қабылданатын болса, ұмраға келген қажылар діни парызын өтеген соң Саудияның көрікті жерлері аралап, тарихымен және мәдениетімен таныса алады. Бұл жайында «Al Arabiya» ақпарат көзі хабар таратты. Қажылардың визасын туристік мақсатта қайта рәсімдеу бағдарламасын елдің сыртқы және ішкі істер министрліктері, қажылық істер жөіндегі министрлік жүзеге асыратын болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды