Саудиялық психолог әйелді тіс щеткасымен қалай тәрбиелеу керектігін айтты
Саудиялық психолог әйелді тіс щеткасымен қалай тәрбиелеу керектігін айтты
8 жыл бұрын 4439

Саудияның отбасы психологы мұсылман ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктер мен түсінбеушіліктерді шешудің жолын ұсынды. Әлбетті, ол жұбайлар арасындағы кикілжің мен ұрыс-керісті болдырмаудың өзгеше тың тәсілін ұсынбаса да біршама жаңашылдығымен елдің назарын өзіне аударды. р Халид ас-Сакаби өзінің дәрісінде ер-азаматтарды әйеліне қорлық-зомбылық көрсетпеуге шақыра отырып, зайыбын тәрбиелеудің баламасын ұсынып көрді. Яғни, ол ер-азаматтарға ырыққа көнбеген әйелін алдымен сөзбен сабырға шақырып көруді ұсынды, егер бұған көнбесе, бөлек жатуға кеңес берді. Сонда да бой бермесе де қолмен немесе ауыр затпен ұрмай, тіс щеткасымен немесе мұрын сүртітен орамалмен соғуға кеңес берді. Бұл жайында «IslamNews» порталы «The Daily Mail» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. «Таяқпен немесе белдікпен, я болмаса үшкір немесе өткір затпен ұруға болмайды»,- деді ол жаңалық ашқандай онсыз да елге белгілі нәрсені қайталап. «Тіс щеткасымен немесе мұрын сүртетін орамалмен ұру керек, ең бастысы, әйеліңіз өзінікін дұрыс еместігін сезінуі керек. Мақсат – осы»,- деді артынша. Оның дәрісін тамашалағандардың қарасы көп болды әлеуметтік желіде. Тіпті, кәдімгідей резонанс тудырды. Бір таңқаларлығы, оның әдісін жақтағандар да, даттағандар да болды.

2 пікір
  • Әйелді не нәрсемен болсын, қол көтермей-ақ айтқанын істетуге болады ғой, немесе ол әйелге байланысты, еріне бағынатын әйел ұрғызбай ақ бағынады. Тіс щеткасы, сүлгі дегені енді күлкілі екен.
    Жалпы әйелге қол жұмсайтын еркекті де, қол жұмсататын әйелді де түсіне алмай кететін шығармын.
    8 жыл бұрын
  • Әйелге қол жұмсап, онымен сөз таластырған еркектерді мен де тусине алмаймын
    8 жыл бұрын
Мұрағат