Мешіт жөндегені үшін имамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Мешіт жөндегені үшін имамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
8 жыл бұрын 2602

2016 жылдың сәуір айының 13-і күні белгілі болғандай, Ресей Федерациясының Орынбор облысында көне мешітке жөндеу жүргізген имамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. 18-ші ғасырға тиесілі ғибадат ғимаратын жобасын бекітпей жөндеу жүргізгендігі үшін. Имаммен қатар жергілікті мұсылман жамағатына да сот шешімімен 100 мың рубл айыппұл салынды. 1 ст. 243 УК РФ-ның Қылмыстық кодексінің 1-ші бабының 243 тармағы бойынша (мәдени мұра нысандарын жою немесе зақымдау) имаммен қатар жамағат та жауапкершілікке тартылды. Бұл жайында «ansar.ru» ақпарат көзі хабар таратты. Орынбор облысының Қорғаушылар палатасының мүшесі Рәміл Шарапұтдиннің айтуынша, «мешіт қазіргі уақытта қожайыны жоқ, қараусыз жылжымайтын мүлік болып табылады, оған иелік ету құқығы ешкімнің атына тіркелмеген». «Имам 2015 жылдан бері Орынбор облысының әкімшілігінен көне мешітті жөндеуге көмек беруді сұрап жүр. Алайда, мешіт облыс балансында болмағандықтан өтініші аяқсыз қалған еді. Оған тарихи және мәдениет ескерткіш ретінде тануға өтініш жазуға кеңес берілген. Имам осы кеңеске құлақ асып, солай істеді де. Бұл жолы да көмек болмаған, есесіне, оны күзетуді имамның міндетінен алып тастады. Ескерткіштеді қорғау жөніндегі мемлекеттік органның келісімінсіз жөндеу жүргібеуді тапсырған. Имам материалдық көмекті күтпей, өз бетінше жөндеу жүргізген: біреулері ақшалай көмектескен, енді біреулері жұмысшыларын жіберген, тағы біреулері өздері келіп жәрдемдескен. Әлбетте, тиісті жобасыз жөндеу жүргізгіндіктен 100 мың айыппұл салып, имамның үстінен қылмыстық іс қозғаған»,- деді қорғаушы заңгер. Жергілікті мұсылман жамағаты қарсы шағым түсірмек. 

0 пікір
Мұрағат