|
Мұсылман әйел жарты ғұмырын синагогта сарп етті. Неге?
|
Малика Аидрус есімді Марокканың Ессауира қаласының тұрғыны, мұсылман әйел күн сайын өзінің еңбегімен дінаралық татулықтың үлгісін көрсетіп жүр. Қалай? Ол жергілікті синагогта қызмет етеді – келген қонақтарды қарсы алып, шығарып салады, ғибадат ғимаратынының ішін тазалайды, іс қағаздарын жүргізеді, техника мен бұйымдардың сақталуын қадағалайды. «Адамдар менен иудейсің бе, әлде мұсылмансың ба, деп, сұрап жатады. Мұсылманмын, деп, жауап берсем, олар иудейлер синагогында неліктен қызмет етіп жүргеніме таңқалады. Мен оларға мұны бабаларымнан мұра боп қалғанын айтамын»,- деді ол жергілікті телеарнаға берген сұқбатында. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Morocco World News» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды