Мұсылман елінде суға сүңгушілер үшін суасты мешіті ашылады
Мұсылман елінде суға сүңгушілер үшін суасты мешіті ашылады
4 сағат бұрын 74 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның Едірне қаласында белгілі сәулет ескерткіштері түрінде жасанды риф тұрғызылады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нысан Егей теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі Сарос шығанағының түбіне орнааластырылады. Бірегей жобаны Түркияның ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрлігі жүзеге асырады. Су асты құрылымдарының негізі ретінде Сәлім мешіті, Османлының Едірне сарайы және Мариса өзені арқылы өтетін көпір сияқты көрікті жерлердің үлгілері таңдалды. Бұл бастаманың авторлары аймаққа дайвинг әуесқойларын тартуға ниетті. Сарос шығанағынан басқа батыс Измир провинциясының жағалау аудандарында да жұмыстар жоспарланған. Қарабұрын, Поша және Орал аудандарында теңіз шаяндары мен сегізаяқтары үшін табиғи тіршілік ету ортасына айналуы тиіс 250-ге жуық арнайы блоктар орнату жоспарланып отыр. Су асты құрылымдары мен жасанды рифтердің құрылысын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

0 пікір
Мұрағат