|
Мысыр миллиардері босқындар үшін Италия мен Грекиядан арал сатып алғысы келеді
|
Мысырлық миллиардер Нагиб Савирис Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы қарулы қақтығыстан қашқан босқындар легінен ес жия алмай жатқан Еуропалық Одақтың бас ауруына айналған мигранттар мәселесін шешуге көмектесетінін мәлімдеді. Миллиардер бұл мәселені Италияның немесе Грекияның бірнеше аралын сатып алу арқылы шешкісі келеді. Осы мақсатта ол екі елдің басшыларына аралдарды сатып алу турасындағы ұсынысын білдірді. Твиттер әлеуметтік желісінде. Егер ойы жүзеге асса, аралдарда босқындарға жағдай жасап, олардың дербес мемлекетін қалыптастыратынын да жасырмаған. Әзірге миллиардердің бұл ұсынысына жауап айтылған жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды